Ваш город:Алматы
Ваш город: Алматы
Алтайдың ақиығы, Қатонқарағайдың кермиығы атанған Оралхан Бөкей есімі мәңгілік. Алғашқы әңгімелерінің бірі "Ұйқым келмейдімен"-ақ оқырманның ұйқысын сейілткен қысқа ғұмырында өсіп-өрлеу мен шығармашылық шыңдалу белесін бастан өткерді. «Атау-кере» секілді пәлсапалық кең тынысты шығарма жазған ол «Құм мінезі», «Ауыл хикаялары», «Мұзтау», «Қайдасың, қасқа құлыным» секілді хикаяттары мен «Мезгіл әуендері», «Жылымық» секілді новеллаларында дүние-шіркінді көркемдік көкжиекпен кестелеп, 70-80 жылдар прозасында ой айтудың жаңаша үлгісін танытты.
«Жазушылық дегеніміз - шындыққа жүгіну, ал әдебиет дегеніміз - сол шындықты шырақ алып іздеудің бірден-бір формасы» деген жазушы ХХ ғасырда шындықтың шырағын жағып, айналасына сәуле түсірген бірден-бір қаламгер. Оның шығармалары рухани сұранысқа айналғаны қай ендікке барсаңыз да ақиқат.
Автор | Бөкей О. |
---|---|
Год издания | 2012 |
Серия книг | Әдебиет әлемі |
Жанр | Казахская Классика |
Издательство | Алан |
ISBN | 978-601-03-0186-3 |
Возраст | 14+ |
Переплет | Твердый переплет |
Размер, мм | 38х140х207 |
Вес, г | 1860 |
Язык | Казахский |