Безопасная оплата
Возврат 14 дней
Доступна рассрочка на 3 месяца
Бұл жинаққа фантастика жанрының әлемге әйгілі өкілдерінің бірі, ағылшын жазушысы Герберт Уэллстің танымал шығармалары еніп отыр. «Көрінбейтін адам» романы — сюжеттік және философиялық тұрғыда жазылған алдыңғы қатарлы туындылардың бірі. Басты кейіпкер білімді жас физик көрінбейтін қасиетінің арқасында әлемді басқарамын деп ойлайды. Алайда оның әлемді билеп-төстеу туралы қара ниетті жоспары жүзеге аспай, ашқан жаңалығы өзінің түбіне жетеді. Ал «Уақыт машинасы» — техниканың көмегімен уақытқа саяхаттауға болатынын баяндайтын әлем әдебиетіндегі алғашқы ірі ғылыми-фантастикалық шығарма. Бұл роман басты кейіпкердің 800 мың жылдан кейінгі әлемге — болашаққа саяхат жасаған қызықты оқиғаларына негізделген.