Ваш город:Алматы
От Вашего выбора зависит стоимость и дата доставки
Безопасная оплата
Возврат 14 дней
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ақпарат және Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Нұртас Ибрагимұлы Исабаев оқырманға «Бастау», «Көкейкескен», «Өмірді сүю», «Ұлықпен сырласу», «Қимаймын сені», «Ғашық жүрек», «Өмірмен сырласу» атты жыр кітаптарымен, «Өмірге құштарлық» романымен жақсы таныс. Өлеңдері орыс тілінде «Разбег» атты жинақта, «Таң-шолпан» журналында жарық көргенін де айта кеткіміз келеді. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтын аяқтап, әдебиет әлеміне енді аяқ басқан кезінде автомобиль апатына ұшырап амалсыз арбаға таңылып қалса да, Нұртас қолынан қаламын тастамай, қиындыққа мойымай, қайсарлық танытып, шығармашылықпен айналысып, өнімді еңбек етіп келеді.
Осы ұсынылып отырған жыр жинағы да сондай әсерлі, жүректен шыққан жалынды жырлардан тұрады. Сондықтан да бұл жинақ оқырманның көңілінен шығатын дүние деп есептейміз.
Автор | Нуртас Исабаев |
---|---|
ISBN | 978-601-7370-53-4 |
Жанр | Современная казахстанская проза |
Издательство | Мерекенің баспалар үйі |
Год издания | 2014 |
Язык | Казахский |