Ваш город:Алматы
Ваш город: Алматы
Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери 1900 жылы Лион қаласындағы ескі ақсүйектер әулетінде дүниеге келген. Бала кезінде ұшаққа қызыққан Экзюпери бір жолы ескі велосипедтен ұшақ жасап алып ұшпақ болады.
9 жасында изуиттер діни мектебінен білім алып, одан соң өнер мектебінде архитектураны меңгереді. Бірақ бар арманы ұшқыш болу. Ақыры авияциялық әскерге алынып, ұшқыш атанады. Кейіннен өзі ақша жинап, жеке ұшақ сатып алады. Бір жолы ұшағы апатқа ұшырап, шөл далаға құлайды. Дегенмен таңғаларлық жағдайда аман қалады. Жазушы өз өмірінде 15 рет әуе апатына түскен екен. Экзюпери ұшқыш бола тұра жазушылықты қатар алып жүрді. Алғашқы шығармасы да «Ұшқыш» деп аталады. 1929 жылы жергілікті бір баспамен келісімшартқа отырып, жеті роман шығаруға келіседі. Сол жылы «Аэропосталь Аргентина» француз әуекомпаниясының директорлығына тағайындалады. Авияцияға қатысты жеке ғылыми зерттеулермен айналасып 10 шақты патентке ие болады. Ұшақ қондырудың жаңа жүйесін ойлап табады. Сонымен қатар осы жылдары бірнеше басылымда журналист болып жүреді. Екінші дүниежүзілік соғыста әскерге шақырылып, барлаушы ретінде ұрыстарға араласады. Ерлік көрсетіп, түрлі марапатқа ие болады. 1944 жылы барлауға шығып, қайта оралмайды. Экзюперидің апатқа ұшыраған ұшағы 2000 жылы Марсель маңында 70 метр тереңдіктегі су астынан табылады.
«Кішкентай ханзада» повесті әлем тілдерінің барлығына дерлік аударылған.
Артикул | 1288681 |
---|---|
Год издания | 2022 |
Язык | Казахский |
Жанр | Детская литература |
Автор | Де Сент-Экзюпери А. |
Серия книг | Шетел балалар әдебиеті |
Издательство | Отбасы хрестоматиясы |
ISBN | 978-601-06-8408-9 |
Возраст | 6+ |
Количество страниц | 96 |
Переплет | Мягкая обложка |
Иллюстрации | да |
Размер, мм | 84х108 |
Вес, г | 140 |
Страна производитель | Казахстан |