«Қазақ мемлекеті және Жошы хан» атты туынды тек кәсіби мамандардың ғана емес, өскелең заманның рухани сұранысына толығымен лайықты құнды тарихи мұраға айналды. Бұл зерттеуінде Жошы ханның тегі, балалық шағынан бастап қолбасшы, мемлекет қайраткерлігіне көтерілгенге дейінгі аралықтағы өмірі мен қызметін монғол, орыс, қытай, араб, парсы, Еуропа тілдеріндегі көптеген көне құнды дерекке сүйене отырып айшықтап өрбіткен, жете саралаған. Қазақ даласындағы мемлекеттік үрдістің бастаулары, оның қалыптасуы, дамуы, жалпы қазақ мемлекеті туралы соны пікірлерін ұсынған. Ол Жошы Ұлысынан бастау алған Қазақ мемлекеті Ақ Ордадан басталатынын шегелеп дәлелдеп кетті. «Алтын Орда ыдырағанда оның қабырғасынын жеті мемлекет (Қазақ хандығы, Москва мемлекеті, Қазан хандығы, Қырым хандығы, Қасым хандығы, Сібір хандығы, Ноғай ордасы) бой көтерді. Солардың ішіндегі алғашқы және қазір де дербес мемлекет ретінде өзін сақтап қалған жалғыз мемлекет ол – Ақ орданың ізбасары Қазақ мемлекеті ғана. Сондықтан да тарихтың жолын қуар болсақ, Қазақ мемлекеті Жошы Ұлысының басты мұрагері болып табылады», – деген Зардықан Қинаятұлының жасаған қорытындысы дәл бүгінгі күннің ең маңызды тақырыбына айналғаны шындық.
Являясь плодом многолетних исследований автора, книга «Казахское государство и Джучи хан» предлагает уникальное жизнеописание Джучи – старшего сына Чингисхана и основателя дешт-и-кипчакского ханства Улус Джучи, его многочисленных потомков, а также проливает свет на политические и этнические процессы на территории средневекового Казахстана, возникновение самостоятельных государственных образований, положивших впоследствии начало Казахскому государству. Основываясь на исследовании многочисленных трудов монгольских, китайских, персидских, арабских, тюркских, русских и западноевропейских авторов, книга воссоздаёт военную и политическую биографию Джучи в контексте и хронологии истории всей Монгольской империи. Особенности социально-политического устройства государства Джучи-хана, его хозяйства и культуры, а также влияния монгольской государственности на традиции местной социально-политической организации хорошо прослеживается в преобразовании всех этих процессов в образование нового государства – Ак-Орды, которое со временем трансформировалось в Казахское ханство.
Автор туралы: 1940 жылы Моңғолияның Қобда аймағында дүниеге келген Зардыхан Қинаятұлы – көрнекті ғалым, саясаткер, қоғам қайраткері ретінде танылған тұлға. Моңғолия мемлекеттік университеті мен Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын тәмамдаған ол – тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1990–1992 жылдары Моңғолия Үкіметінің вице-премьері және Моңғолия Парламентінің вице-спикері сияқты жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Атажұрттан сыртқары елдерде биік лауазымға ие болған санаулы қазақтың бірі – коммунистік жүйе дағдарысынан кейінгі кезеңде Моңғолияда жүргізілген Конституциялық һәм саяси-экономикалық реформалардың құқықтық және теориялық негізін қалағандардың бірі ретінде әлемге танылған қазақ.
Автор | Қинаятұлы З. |
---|---|
Год издания | 2020 |
Размер, мм | 210х150х16 |
Издательство | Steppe & World Publishing |
Язык | Казахский |
Жанр | История Казахстана и Центральной Азии |
Возраст | 16+ |
Количество страниц | 300 |
Переплет | Мягкая обложка |
Страна производитель | Казахстан |