Камерон С.: Аштық жайлаған дала

Код:
1173934
Есть в наличии
exp_pl_aa
Привезем сегодня до 22:00, если
оформите заказ до 17:00.

Экпресс-магазин в Алматы

Подробнее об ЭКСПРЕСС-ДОСТАВКЕ
Цена 3 390 ₸
Есть в наличии
Безопасная оплата

Безопасная оплата

Возврат 14 дней

Возврат 14 дней

Доступна рассрочка на 3 месяца

Доступна рассрочка на 4 месяца

Описание

Досым Сәтбаевтың жеке мәдени-ағартушылық қоры «Cornell University Press» баспасының арнайы рұқсатына ие болып, белгілі америкалық тарихшы Сара Камеронның «Аштық жайлаған дала. Ашаршылық, озбырлық және Кеңестік Қазақстанды орнату» атты еңбегін «Сөз» әдеби жобасының аясында Қазақстанда жариялап отырғанын қуана хабарлаймыз. 2018 жылдың қазан айында АҚШ Сенаты 1932-1933 жылдары орын алған Украин Ашаршылығының 85 жылдығына байланысты маңызды қарар қабылдады. Алайда бұл қарарда 30-шы жылдары Қазақстанда болған Ашаршылық апаты жайлы тіс жарып ешнәрсе айтылмады. Әлемнің бұл қазақ трагедиясы жайлы хабары өте аз немесе мүлдем жоқ деп айтуға болады, болған күннің өзінде де, ол апаттың себеп-салдарлары жайлы теріс түсініктемелер беріліп жүр. Сіздер қолыңызға америкалық тарихшы Сара Камеронның қаламынан шыққан бірегей туынды, аса сирек ғылыми кітапты алып отырсыздар. Ол – батыс тарихшыларының ішінде Қазақ Ашаршылығының Украин Голодоморынан артық болмаса кем болмағанын, ал тигізген зардаптары жағынан одан да қорқынышты болғанын ашық түрде жариялап, АҚШ Конгресін оны ұмытпауға шақырған алғашқы ғалым болып табылады. Бұл кітап әлі де болса тарихи ақтаңдақтарға толы сол бір зұлмат кезеңге бағытталған терең де байыпты батыс зерттеулерінің алғашқы қарлығаштарына жатады. Сондай ақ, бұл зерттеудің маңыздылығы оны қазақ тарихын тереңірек түсіну үшін қазақ тілін үйренген адамның жазғанында ғана емес, сонымен бірге Сара Камеронның бұл тақырыпты зерттеуде ғалым ретінде барынша объективті көзқарасты ұстанып, көптеген деректерге сүйене отырып, Қазақ Ашаршылығын ХХ ғасырдың ұлы трагедияларының бірі ретінде танылуын талап етуінде болып отыр. Сара Камерон 2019 жылы көрермен назарына ұсынылған ашаршылық тақырыбына арналған «Откочевники мертвой степи» атты деректі фильмімізге берген сұхбатында Қазақ Ашаршылығы ғылыми әдебиетте көбінесе «Сталиннің қателігі», «трагедия» немесе «мәдени қайшылық» деп қана сипатталады деп налыды. Оның пікірінше, мұндай түсініктер апаттың озбырлық сипатын жұмсартып, оның себептерін бағалауда ашаршылықтың Кеңес өкіметінің қуғын-сүргін саясатының нәтижесінде емес, табиғи заңдылықтар нәтижесінде туындады деген қате тұжырымға әкеледі. Еске сала кететін жайт, Қазақстанда жыл сайын 31 мамыр күні Саяси Қуғын-Сүргін Құрбандарын Еске Алу күні аталып өтеді. Алайда, бұл күнді тек саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде ғана емес, сонымен қатар көптеген қазақстандықтар ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ халқына жасалған геноцид ретінде қабылдайтын сұрапыл Ашаршылық Құрбандарын Еске Алу Күні ретінде де ресми деңгейде мойындайтын уақыт әлдеқашан келіп жетті. Миллиондаған адамдар бір саяси жүйенің, бір режимнің құрбаны болған жоқ па еді! Қазақ зиялыларына, Алаш-Орда көсемдеріне жасалған саяси қастандық Кеңес өкіметіне қарсыларға ғана емес, тікелей халықтың ар-ожданы мен парасатын жоюға бағытталған саяси шара болатын. Аштыққа ұшыраған миллиондаған адамдардың қыршын өлімі ұлтымызға құрып кету қаупін төндірді. Қандай да ұлт үшін халықтың тарихи жадын өшіріп, оның ұлттық болмысы мен салт-дәстүрін жойып жібергеннен артық қандай зұлымдық болуы мүмкін! ХХ ғасырда қазақ халқының басынан көптеген нәубеттер өтсе де, бұл 20-30-жылдардағы Ашаршылық ұлтымызды құрып кету шегіне жеткізіп қана қоймай, бүкіл халықтың ұлттық сана-сезіміне орасан нұқсан келтірді. Неліктен? Кім кінәлі? Мұның салдарлары қандай болды? Бұл жантүршігерлік оқиғалар бүкіл қазақ халқының осы күнге дейінгі ұрпақтарының тарихи жадында қандай жазылмас із қалдырды? Осы және басқа да сұрақтарға берілген жауаптарды Сіз осы іргелі ғылыми жұмыстан табасыз. Мұрағат құжаттарының мол қорына негізделіп жазылған бұл зерттеу жұмысы көптеген қазақстандық оқырмандардың, әсіресе жастардың қызығушылығын тудыратынына сенімдімін. Шынында да, Сара Камеронның пікірінше, республиканың Ашаршылықтан қалған «жаралары» кейінгі кеңестік дәуірде де бітпей, 1991 жылы қазақтардың қазіргі заманғы ұлт болып қалыптасуына өзінің зор әсерін тигізді. Біз әлі де болса жарақатымыз жазылмаған қоғамбыз. Біз әлі күнге дейін тарихи жадымызды, тегіміз бен дәстүрімізді тірнектеп қалпына келтіріп, кеңестік озбырлық саясаттың кесірінен бойымызға тамырын терең жайған билікке жалтақтау мен үрейден енді ғана арылып келеміз. Ең бастысы – жастарымыз қазақ халқының тарихындағы ең қайғылы оқиғаларды ұмытпай, жадында берік ұстауы тиіс. Бұл әсіресе қазіргі қоғамда орын алып отырған қауіпті және алаңдатарлық әлеуметтік-саяси үрдіс аясында өте маңызды. Қазіргі Ресейде Сталиннің жеке тұлғасын дәріптеу және насихаттау бойынша белсенді идеологиялық үгіт жұмыстары жандандырылып отыр және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, оның тұлғасына табыну қайта бас көтеруде. Бұл қауіпті үрдістер сондай-ақ саяси қуғын-сүргін шараларының ауқымын мақсатты түрде төмендетіп, Қазақстан, Украина және Кеңес Одағының басқа аймақтарындағы аштық апаттарына көз жұма қарау саясатының тікелей нәтижелері. Биліктің қол бала идеологтары тарихты қайта жазғысы келеді. Қазірдің өзінде жас ұрпақтың сталиндік қуғын-сүргін жайлы білері аз. Көбі ГУЛАГ, КарЛаг, АЛЖИР жайлы ештеңе білмейді, ал Ашаршылық, Голодомор жайлы білері тіпті аз. Сондықтан, бұл туралы пікірталастар жүргізіп, кітаптар мен ғылыми мақалалар жазып, тарихи зерттеулер мен конференциялар өткізіп, фильмдер түсіру аса маңызды болып отырған жағдайда, Сара Камеронның «Аштық жайлаған дала: ашаршылық, озбырлық және кеңестік Қазақстанды орнату» атты еңбегін өткен ғасырдың идеологиялық шаңы мен қазіргі уақытша саяси тәртіптің әлі күнге дейін бізден жасырып отырған Ақиқатын ашуға бағытталған батыл қадамдардың бірі деп санаймыз.

Характеристики
Автор Камерон С.
Жанр История Казахстана и Центральной Азии
Издательство Группа оценки рисков
Возраст 14+
Год издания 2020
Размер, мм 228х152х15
Вес, г 530
Количество страниц 324
Переплет Мягкая обложка
Язык Казахский
Страна производитель Казахстан
Отзывы 16
Вопросы и ответы 2
Новый отзыв Задать вопрос
Закрыть
Оцените товар
Допустимые форматы jpg, png
Закрыть