Безопасная оплата
Возврат 14 дней
Доступна рассрочка на 3 месяца
Халық ауыз әдебиетінде ертегілердің орны ерекше. Ертегілерден біз бұрынғы бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ой-арманын көреміз. Ертегілерде жауыздық пен мейірімділік, жамандық пен жақсылық, арамдық пен адалдық үнемі тайталасып, ақыр соңында соңғылары жеңіп шығады. Сол таңғажайып ертегілерге арқау болған халық қиялының негізінде бертін келе ғылым мен техника қарыштай дамып, небір ұшқыр ұшақтар, алып кемелер, сүңгуір қайықтар, айшылық алыс жерлерден әп-сәтте хабар жеткізген телеграф-теледидар, ұялы телефондар ойлап табылды. Тіпті күні кешелер «Ер Төстік» ертегісінің әсерімен ел астанасының төрінде «Астана-Бәйтерек» кешені пайда болды.
Балалардың ой-қиялын дамытып, асқар биіктерге жетелей отырып, жағымды да жарасымды жақсы қасиеттер дамытуға баулитын ертегілер топтастырылған бұл жинаққа әйгілі «Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік», секілді туындылармен қатар, ең қызықты деген тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы ертегілер де енгізілді. Кітап әсем суреттермен безендірілген.
Автор | Нұралиева Ж. |
---|---|
ISBN | 978-9965-672-88-0 |
Жанр | Сказки |
Издательство | Балауса баспасы |
Возраст | 0+ |
Год издания | 2014 |
Размер, мм | 258х197х7 |
Переплет | Мягкая обложка |
Вес, г | 220 |
Язык | Казахский |
Страна производитель | Казахстан |