Дінмұхамед Қонаев: «Ақиқаттан аттауға болмайды»/Динмухамед Кунаев: «О моём времени»
Meloman Publishing баспасы Қазақ КСР Орталық комитетінің Бірінші хатшысы және халықтың қадірлі ері - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтің туғанына 110 жыл толуына орай, осы ұлы мемлекеттік қайраткердің естелікнамасын жаңартып басып шығарды.
Қонаев басшылық қызметте 45 жыл еңбек етті, соның ішінде 25 жыл Қазақстан Республикасын басқарды. Әрине, оған талай сын айтылды, дегенмен оны жақсы көріп, сыйлайтындар көп болды. Адамгершілігі мол, адал, ой-өрісі кең, халқының жанашыры болатын саясаткер табу қашан да қиын болатын. Алайда ұлы қайраткер дәл осындай қасиеттерді бойына жиған дара тұлға еді. Бүгінгі таңда оның Қазақстан тарихына қосқан үлесін бағалап, құрметтейтің адамдардың жүрегінде және көпшіліктің естеліктерінде дәл осындай тұлға ретінде сақталады.
Кітап қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
Халқымыздың аяулы перзенті, аса ірі мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1992 жылы шыққан «Өтті дәурен осылай» деп аталатын естелік-эссесін көзі тірісінде түгелдей қайта қарап, оқырманның талап-тілегіне сай толықтырулар жасай келіп, кітаптың атын «Ақиқаттан аттауға болмайды» деп өзгертіп еді. Мұнда өз өмірінің беймәлім беттерін ғана емес, өз заманының ірі тұлғалары Сталиннің, Маленковтың, Булганиннің, Хрущевтің, Косыгиннің, Брежневтің, Андроповтың, тіпті Горбачевтің көпшілік біле бермейтін жұмбақ сырларын ашып, Қазақстанның елу жылдық экономикалық, мәдени және әлеуметтік тыныс-тіршілігін жан-жақты әңгімелеп береді. Елдің игі жақсылары туралы да шет қалмайды. Кезінде жылы жауып қойылған Теміртау оқиғасы, Семей полигоны, Арал мәселесі, Желтоқсан оқиғасының зардабы, сондай-ақ тілге, дінге, ділге қатысты көкейтесті сұрақтардың жауабын алға тартады. Ұлттық сана, әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы ой-толғамдарын ортаға салады. Кешегі кеңес өкіметінің күйреу себептерін талдап, қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу жолдарына барлау жасайды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев: «Ақиқаттан аттауға болмайды»
Кешегі кеңес өкіметінің күйреу себептерін талдап, қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу жолдарына барлау жасайды.
|
«О моём времени. От Сталина до Горбачёва» — книга мемуаров известного политического и государственного деятеля Казахстана академика Динмухамеда Ахмедовича Кунаева, рассказывающая о его исключительно насыщенной событиями жизни и деятельности. Повествование охватывает несколько исторических эпох. В первой части автор делится воспоминаниями о своем детстве и семье, годах учёбы и становлении карьеры. Вторая часть посвящена жизни республики в разные годы. Автор вспоминает политических и государственных деятелей, с которыми ему довелось работать: Хрущева, Косыгина, Брежнева, Горбачёва. Третья часть посвящена новейшему периоду истории — концу 1980-х и началу 1990х- годов.
Динмухамед Кунаев: «О моём времени. От Сталина до Горбачёва»
Обновлённое переиздание мемуаров Динмухамеда Ахмедовича Кунаева.
|