Ваш город:Алматы
Ваш город: Алматы
Бұл кітапқа қос шығарма еніп отыр. Олар «Алтын қалам 2017» әдеби сайысының бас жүлдесін жеңіп алған Әлімжан Әлпейісовтың «Ана жүрегі» және «akalam.kz» сайты оқырмандарының жоғары бағасын алған «Алтын қалам» иегері Ақылбек Шаяхметтің «Суық жел» атты туындысы. Алғашқы деректі әңгіме қазақтың үш алыбы: Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезовтың жары болған қоғам қайраткері, ақын Фатима Ғабитоваға арналған. Сталиндік зұламаттан жапа шегіп, қанша қиындық көрсе де рухы мұқалмаған Ұлы дала аруының өмір жолы бейнеленген. Тағдыр Фатима Ғабитоваға Алаштың дархан да жомарт,ержүрек азаматтарының ортасында жүруді сыйлаған екен. Екінші деректі әңгімеге «қазағым» деп тәні өртке шарпылған, «Алашым» деп жаны дерттен алқынған көрнекті ғалым, білікті аудармашы, ұлағатты ұстаз Елдес Омарұлының әділетсіздікпен арыстандай алысқан өмір жолы арқау болған. Елдес Омарұлы Алашорда үкіметін құрушылардың бірі ғана емес, ол Алаш бағдарламасын құрастыруға ат салысқан. Қостанайда ең алғаш Алаш полкін жасақтаған әрі басқарған. Қос шығарма да тарихи оқиғаларға негізделген. Оқырман бұл әңгімелерді оқу арқылы тұтас бір күрделі кезеңді көз алдына елестетіп, алыптардың рухымен сырласары сөзсіз.
Год издания | 2019 |
---|---|
Автор | Шаяхмет А., Әлпейісов Ә. |
Язык | Казахский |
Жанр | Современная казахстанская проза |
Издательство | Өскенбай К.Ж. |
ISBN | 978-601-06-4876-0 |
Возраст | 16+ |
Переплет | Твердый переплет |
Размер, мм | 204х144х5 |
Вес, г | 135 |
Страна производитель | Казахстан |