Момышұлы Б., Серебрянский Ю.: Қара жұлдыз
Безопасная оплата
Возврат 14 дней
Доступна рассрочка на 3 месяца
Бұл романның басты кейіпкері? айрықша белгі — қара жұлдыз тәрізді меңмен өмірге келген Қара Жұлдыз есімді ханзада. Данышпан ақсақалдар байыпты да байқампаз баланың өсе келе ұзақ сапарға шығып, жан тазалау, ағару жолын іздейтінін болжайды. Алайда ол жол — жауынгердің де, тақуаның да жолы емес еді. Қара Жұлдыз ханзада ержетер жасқа жетер-жетпестен, қасына өзін тәрбиелеген сүт-анасы — қаншық қасқыр мен қорғанышы, тәлімгері ақжал бөріні ертіп, әке шаңырағын артқа тастайды. Олар бір әлемнен бір әлемге өте жүріп, әр әлемнен өздеріне бір өнеге табады. Ұзақ жолдан жүріп өткен ханзада өзінің қаншалықты өзгергенін, мақсатқа жету жолының қаншалықты ауырлығын, әр кездескен әлем оны өзіне жақын тартатынын да, алыстататынын да ұғынады.
«Классикалық сюжетке» қарамастан, автор (Б. Момышұлы) дәстүрлі кейіптеулер мен әсіреулерді өзінің жаңа бояуларымен, қисынды бқрылыстармен толықтырып, және осы заманның метафоралық мәніне терең дендей отырып, әрлей алған (Ю. Серебрянский). Шығарманың өмірге келу тарихы да айрықша — әйгілі қазақ жазушысы Бақытжан Момышұлы оқырмандарға туындының кейіпкерлерін сомдап, дәстүрді терең ой елегінен өткізіп, сюжетті жол ортасынан жеткізгенімен, шығарманың мән-мағынасын түгел ашып үлгермеген еді. «Казахстанские сказки» аталатын кітабымен және әдеби сыйлықтарға лайықты басқа да шығармаларымен оқырмандарға танылған жазушы Юрий Серебрянский туынды желісімен жіті танысып, автордың басқа да кітаптарын егжей-тегжейлі зерттеп, баяндау стилін сақтап, өзіне тән замануи әдеби теңеулерді қолдана отырып, туындыны қисынды нүктесіне жеткізген.
Художница Ассоль Сас, переводчик на казахский язык Заря Жуманова.
Количество страниц: 130
Размер: 245 x 170 мм
Автор | Момышұлы Б., Серебрянский Ю. |
---|---|
ISBN | 978-601-80498-8-0 |
Жанр | Современная казахстанская проза |
Издательство | Книжный клуб |
Возраст | 16+ |
Год издания | 2019 |
Размер, мм | 250х180х10 |
Вес, г | 390 |
Переплет | Твердый переплет |
Язык | Казахский |
Страна производитель | Казахстан |