Ваш город:Алматы
Ваш город: Алматы
Әлем балаларының сүйікті кітабына айналған бұл туындыда аңғарымпаз, елгезек, аңғал, кез келген ертегіге сенуге әзір Алиса жұмбақтар мен ойындардың таңғажайып әлеміне сапар шегеді. Әлгі әлемде математика мен физиканың заңдары жүрмейді, ережелер мен принциптер еш логикасыз жазылады, бірақ сонда да мұндағы өмір көңілді: бәліш пен саңырауқұлақты тістеп, бойың зәулім бұлтқа жетуі де, құтыдағы шырынды ішіп, тышқаннан бетер титімдей қалыпқа түсуің де мүмкін. Айтпақшы, мұнда өзі жоғалса да күлкісі жоғалмайтын Чешир мысығы, үнемі әлдебір жаққа асығып, қалта сағатына қарағыштап жүретін Наурыз қоян, шай ішуден аузы да, қолы да босамайтын Қалпақпай секілді ерекше тұрғындар өмір сүреді. Олармен әңгімелескен сайын Алисаның да пайымы толысып, көкжиегі кеңейе түседі.
Түпнұсқа кітаптағы ағылшын тілінің ерекшелігіне негізделіп жазылған тұстар қазақтілді оқырмандарға бейімделіп аударылды.
Артикул | 1248676 |
---|---|
Автор | Кэрролл Л. |
ISBN | 978-601-763-031-7 |
Жанр | Детская литература |
Издательство | Мазмұндама |
Серия книг | Балалар және жасөспірімдер әдебиеті |
Возраст | 6+ |
Год издания | 2021 |
Количество страниц | 132 |
Переплет | Твердый переплет |
Язык | Казахский |
Страна производитель | Казахстан |
Размер, мм | 84х108 |