Бахтиярқызы Ж.: Бәйшешек

Код:
1402032
Есть в наличии
exp_pl_aa
Привезем сегодня до 22:00, если
оформите заказ до 17:00.

Экпресс-магазин в Алматы

Подробнее об ЭКСПРЕСС-ДОСТАВКЕ
Цена 3 190 ₸
Есть в наличии
Безопасная оплата

Безопасная оплата

Возврат 14 дней

Возврат 14 дней

Доступна рассрочка на 3 месяца

Доступна рассрочка на 4 месяца

Описание

«Бәйшешек» кітабында автордың он жыл бойы ауыр дертпен күресіп, оны жеңіп шығу жолы баяндалады. Он жасында дертке шалдыққан Жәмиляның өмір жайлы ойы, өмірге деген сүйіспеншілігі, жансақтау бөлімінде өткен күреске толы күндері суреттеледі. Кітап «Күрес, Сенім, Жеңіс» атты үш тараудан тұрады. Әр тарауда оқырман түйер ой өте көп. Шынайы оқиғалардың желісінде жазылған бұл кітап – қазіргі қоғам үшін қажет нағыз мотивация.
Бүгінде «Бәйшешек» кітабы әлемнің алты тіліне аударылып үлгерді. Кітапқа сұраныс тек Қазақстан бойынша емес, азия елдері арасында да баршылық.

Аңдатпа:
“Қолына қалам ала салып өзінің ойына келгенін естелік етіп жазған жас баланың өмірі де адамзатқа үлгі болатын кезең келді қазір. Он жасында адам баласында сирек кездесетін дертке ұшыраған кішкентай қыз ақ қағазға отыра салып, ойларын төге бастады... Оған Жаратушыдан әуелде сызаттана түскен бір жарық сәуле келе-келе топтаса ұлғайып, түйдек-түйдек ойлардың тасқынына айналды. Ғайыптан келіп түсіп жатқан толағай тебіреністер жас баланы, ең алдымен, Құдайды тануға үйретті, оған жалбарына бас иіп мықты Сеніммен, қайтпас күреспен – биік нәтиже – Жеңіске жетудің жолына алып шықты!
Қасірет шеге отырып қуанғанынан он жасар Жәмиляның жанарынан жас тамшылады... Табиғаттың да, тағдырының да ақпанның аязындай қарып тұрған қысқы әппақ ұлпаның бетін тесіп өткен мөп-мөлдір, ыстық көз жасы әп-сәттен соң-ақ мұзақты қақ жара қар астынан бәйшешек боп оянды.
Бәйшешектер қаулап өсті!.. Сөйтсек, Наурыз келген екен! Жаратушы Құдірет кенеттен келген аурумен он жылдай арпалысып келе жатқан балаботаны азаптан құтқарып, тап-таза өмір айдынына тура Наурыздағыдай жаңартып, қайта алып шықты!
Бүгінде жасы жиырма бірге қараған, өзі журналистік мамандықты игерген Жәмиля Бахтиярқызы «Бәйшешек» (Сенім. Күрес. Жеңіс) атты осы тұңғыш кітабын өмір үшін өз басынан өткізген көпжылдық арпалыстағы ғибратты ойларын жинақтап, сіздерге ұсынып отыр.
Әрқайсыңыз бұл еңбекті бас алмай оқып шығатындығыңызға біз күмәнсіз сенеміз. Ал, ең бастысы, автордың ғинаятқа тола ізгі ниеттері сіздің тағдырыңызға да тікелей әсер етеді.
Ендеше, тағдырмен жазылған «Бәйшешекті» қолыңызға алыңыз. Оқыңыз…”

Характеристики
Автор Бахтиярқызы Ж.
ISBN 978-601-209-195-3
Жанр Современная казахстанская проза
Издательство Бәйшешек
Возраст 16+
Год издания 2021
Количество страниц 160
Переплет Мягкая обложка
Язык Казахский
Страна производитель Казахстан
Размер, мм 200х130х8
Вес, г 152
Отзывы 0
Вопросы и ответы 0
Новый отзыв Задать вопрос
Закрыть
Оцените товар
Допустимые форматы jpg, png
Закрыть