Әсемқұлов Т.: Талтүс. Тәттімбет сері

Код:
1189386
Есть в наличии
exp_pl_aa
Привезем сегодня до 22:00, если
оформите заказ до 17:00.

Экпресс-магазин в Алматы

Подробнее об ЭКСПРЕСС-ДОСТАВКЕ
Цена 5 890 ₸
Есть в наличии
Безопасная оплата

Безопасная оплата

Возврат 14 дней

Возврат 14 дней

Доступна рассрочка на 3 месяца

Доступна рассрочка на 4 месяца

Описание

Таласбек Әсемқұлов (1955 – 2014) − жазушы, күйші-домбырашы, сыншы, кинодраматург, мәдениеттанушы, аудармашы, өнертанушы, ұлттық өнердің тамыршысы. Осындай тума талант, білімдар тұлға тұрмыс тауқіметіне де, шығармашылық ғаламатына да толы қиын әрі қызықты ғұмыр кешті. Ол өмірге келген сәттен-ақ дәстүрлі қазақ музыкасын қайта жаңғырту тарабында тәрбиеленді. Оның ескі шеберлерге шәкірттігі жайлы, қазақтардың музыкалық және ұсталық өнері жайлы «Талтүс» (2003) атты автобиографиялық романында кең баяндалады... Аманат арқалап туған ардагер өмірін осыған арнап, ұмыт болған - ішінде ең көнесі XIII ғасырға тиесілі - 34 күйді қазаққа қайтарды, өзі де күй шығарды, сегіз том проза мен зерттеу еңбектер жазды, этномузыкатанушыларға кәсіби кеңестер берді, жас музыканттарды дәстүрлі орындаушылықтың қыр-сырына қанықтырды. Осыншама қыруар еңбек еткен Таласбек Әсемқұлов жұрт аузында дәйім биік өре мен бедел иесі ретінде дәріптелгенімен, қалың жұртшылыққа онша таныла қоймады...

Қазақтар ерте уақытта күйді киелі санаған, Тәңірдің Күбірі деп білген. Алайда қазіргі сахнадан орындалатын күй ондай емес, өз қасиетінен айырылды. Біздің кітаптарымыздың арқасында оқырманымыз қазақтың күй өнері жөнінде тереңірек біле алады, оны күйшінің көзімен көре алады, қазақ мәдениетінің ең бір киелі қатпарына бойлайды. Оған қоса, психологтардың айтуы бойынша, «Талтүс» романы қазақтар ХХ ғасырда жоғалтқан ұрпақаралық байланысты қалпына келтіреді.

Қазақ әні мен күйінің білгірі, дәстүрлі өнер тәжірибесі мен теориясын тел алып жүрген өнер иесі Т.Әсемқұлов шығармашылығының үлкен бір саласы – күйшілік туралы романдары. «Талтүс», «Тәттімбет сері» романдары дәстүрлі өнер, қазақ ән-күйінің көмескілене бастаған ұғым-танымдарын жарқырата өмірге оралтады, ұлттық ырғақ, реңк, қағыс кілтипандарына бойлатады.
Әдебиет сыншысы Тимоти Уолш қазақ әдебиетінің шолуында «But really, if you want to fall in love with Kazakh literature, start with Asemkulov’s A Life at Noon...» деп жазып кеткен.
Кітапта аталып өткен күйлер мен әндерді қазақ мифологиясы, мәдениеті және дәстүрлі музыкасына арналған otuken сайтымызда "Талтүстегі" ән-күй" бөлімшесінде тыңдай аласыз.

Характеристики
Артикул 1189386
Автор Әсемқұлов Т.
Жанр Современная казахстанская проза
Возраст 16+
Год издания 2020
Количество страниц 436
Переплет Твердый переплет
Язык Казахский
Страна производитель Казахстан
Размер, мм 220х150х20
Вес, г 580
Отзывы 10
Вопросы и ответы 0
Новый отзыв Задать вопрос
Закрыть
Оцените товар
Допустимые форматы jpg, png
Закрыть